Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған «Абай - ұлт айнасы» атты білім сайысы қала мектебінің 9 сынып оқушылар арасында өткізілді. Сайыстың мақсаты: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Оқушылар «Жалын» және «Ғасыр» топтарына бөлініп ақынның өлендері мен қара сөздерін және ғалым Қ.Жұбановтың «Абай-қазақ әдебиетінің классигі» атты еңбегін талдап мазмұнын түсіндірді. Сайыс сонында топ жеңімпаздарына алғыс хаттар табысталды.