Ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінде жерлес әуесқой суретші Али Құлмұратовқа арналған «Еңбегін елі құрметтер» атты еске алу кеші өтті.
Кешке Али Құлмұратовтың отбасы мүшелері, бауырлары, туысқандары, көзін көрген жандар мен мектеп оқушылары қатысты. Кеш барысында Али Сұлтанұлының балалық шағы, өмір жолы слайд арқылы таныстырылып, суретшініңөз кезінде арнайы жұмыс орындары мен көшелерге жазған ұранды сөздері, матаға салынған суреттері мен безендіру жұмыстары таныстырылды. 1983 жылы ақпан айында алғашқы ашылған Ахмет Жұбановтың музей залдарының экспозициясын ерекше көркемдік жұмыстарымен жасақтағаны мақтанышпен айтылды. Суретшінің жары Салида Аралбайқызы, замандасы Роза Құрманғалиқызы шебердің іздемпаз, тиянақты, уәдеге берік өз ісінің маманы болғанын еске алды. Сонымен қатар шараға қаламызыдың шебері Анар Абибуллақызының қолөнер бұйымдары қойылып көремендерге таныстырылды.