Алаштың асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинің 130 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тарихи дәріс жоғары класс оқушыларына өткізілді.
Дәріс мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ұлының өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Дәріс барысында жазушының өмір жолы мен ғалым Құдайберген Жұбановпен ҚАЗПИ-де етене бірге жұмыс атқарғаны айтылды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдерінің мәні мен мағынасына үніліп ақынның шығармашылығымен кеңінен танысты.