«Тұнғыш музыка зерттеушісі» дәрісі өткізілді

Қалалық мектеп оқушыларына академик Ахмет Жұбановтың еңбектеріне арналған «Тұнғыш музыка зерттеушісі» атты дәрісі өткізілді. Оқушыларға композитордың туған өлкесі, балалық шағы, өнерге деген құштарлығы мен ел игілігі үшін атқарған зор еңбектері айтылды. Дәріс соңында оқушылар композиордың патриоттық әндерінің бірі «Ақ көгершін» әні орындады.

Педагогика ғылымының кандидаты, халық ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Мүслима Құдайбергенқызы Жұбановаға арналған «Сырлы байтеректің сынбайтын бұтағы» атты дәріс №2 қалалық мектептің жоғарғы сынып оқушыларына өткізілді. Оқушылар Мүслима Құдайбергенқызының  алғашқы  Әліппе  оқулығының авторы екендігін, және әкесі Құдайберген Жұбановтың тағдырына арнаған «Әке жыр» еңбегіндегі  «1937 жылды еске алу», «Ескерткіш болып келді әкем» атты  өлеңдерімен танысты.