Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі ел мақтанышына айналған ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтардың және ұрпақтарының өнегелі өмірімен шығармашылығын зерделеп отырған мәдени ошақтың бірі. Бүгінде музей қорында 3028 экспонаттар тіркеуге алынған. Олар - археология, этнография, фотоқұжаттар, бейнелеу өнері мен тұрмыстық заттай коллекциялары.